Ас - адамның арқауы » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72572) 2-02-58
Есепші бөлімі:
+7(72572) 2-02-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2022

Ас - адамның арқауы

Ас - адамның арқауы

«Дені саудың- жаны сау» демекші, адам бойына керекті дәрумендер дұрыс тамақтану арқылы берілетіні анық. Сол себепті адамдар күнделікті тұрақты уақытымен тамақтанғаны дұрыс. Тамақтану арқылы адам ағзаға қажетті дәрумендерді алады. Осының нәтижесінде адамдардың дені сау болмақ. Осындай келешекке дені сау, салауатты ұрпақ тәрбиелеп отырған Өтеген ауылдық №38 мектеп- гимназиясы өз оқушыларын тұрақты сапалы түрде ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен бүгінде мектепте әр сынып оқушыларының ата- аналарының өтініші жинастырылып, мектепішілік №136 бұйрығымен 216 оқушының тізімі бекітілді. Сонымен қатар арендатор есебінен 18 оқушы тегін ыстық тамақпен тамақтануда. Әр сынып өз кезектері бойынша тұрақты түрде тамаққа барады. 

Мектеп асханасында санитарлық талаптар сақталған, ыдыстары таза, тағамдары дәмді дайындалады. Оқушыларға асхана ас мәзірі ұнайды. Балаларды дұрыс, тұрақты тамақтандырудағы басты мақсат дені сау, саналы ұрпақ болып өсулеріне үлес қосу. Бала қарны аш болса оқу барысында білім алуларына кедергісін тигізері анық. Сол себепті оқушының сабақ арасында тамақтануы өте дұрыс. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала мамандаpы да жиі айтып жүp. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған. Осының нәтижесінде дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен айна­лысатын диетология ғылымы (грек diata – өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos – ілім) қалыптасқан. Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50% тамақтануға, 20% қоршаған ортаның әсерлеріне, 20% тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екен. Дұрыс тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады. Сондықтанда мектептерде оқушыларды тамақтандыру дұрыс жолға қойылған. Әр балаға адам өміріне тағамның маңызды екенін түсіндіре отырып, тұрақты уақытылы тамақтану қажеттілігін әдетке айналдыруға үйретуде. 

Ас адамның арқауы презентация, доклад, проект