№ 38 мектеп-гимназиясындағы тамақтандыруды ұйымдастыру » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72572) 2-02-58
Есепші бөлімі:
+7(72572) 2-02-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 38 мектеп-гимназиясындағы тамақтандыруды ұйымдастыру
06
март
2020

№ 38 мектеп-гимназиясындағы тамақтандыруды ұйымдастыру

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын  анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Мектеп тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Жеткізілетін өнімдерді кіріс қадағалау,  олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.  

Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.  Бастауыш мектепте тегін тамақтандырумен қамту 60%, ал орта буын және жоғары сыныптарда 40% құрайды. Бір реттік ыстық тамақ құны 300 теңгені құрайды. Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.

Көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары, ата-аналар тапсырған құжаттары мемлекеттік қызмет көрсету қызметіне сәйкес анықталған.

 Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілген.

Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр: тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру,  биология және технология пәндері бойынша оқу бағдарламаларының жоспарына тамақтану мәдениеті туралы сауалдарды қосу және т.б. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады,  мектептің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі.

Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.  Мектеп асханасының жабдығы мен инвентарларының жағдайы мен саны Сан Пин талаптарына сай.Тамақ әзірлеуге арналған технологиялық құралдары бар, талапқа сай. Тоңазытқыш бар, саны – 3. Асхана инвентарлары белгіленген, талаптарға сай сақталуда. Сақтау қоймасы бар. Азық-түлік асхана сөрелерінде сақталады, еденнен 15 см биіктікте. Ауа температурасын өлшеу құралы бар. Азық-түліктің келу күні мен оның пайдалану мерзімдері жайлы ақпарат бар. Жуу және дезинфекция жүргізу құралдары нормаға сай жұмсалады. Жуу және дезинфекция жүргізу құралдарын босату жөнінде журналы бар. 10-күндік болжам менюі бар, тамақ салмағы көрсетілген; күнделікті меню директормен бекітілген; меню құрамына: ет, сүт тағамдары, балық, ірімшік, жұмыртқа, шырын, кондитерлік тағамдар, нан тағамдары, көкөністер мен жемістер:

 Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттары бар; Тағамның өндірілуі бекітілген технологиялық карта мен рецепттер жиынтыққа сай; Дайын өнімнің бағасы – «жақсы». Иісі, түсі, консистенциясы бекітілген рецептураға сай. Тағам – аз тұздалған.Аспазбен тағамнық тәуліктік сынағы жүргізіледі, сақталу ережесі нормаға сай. Асхана жұмыскерлері мен асханаға кіруге рұқсаты бар тұлғалардың жеке бас гигиеналары санитарлық ережелер мен нормативтерге сай; Еңбекті қорғау ережелері сақталған, өрт және электр қауіпсіздігіне арналған құрал-жабдықтары бар. Мектептегі ауыз су режимі мәселесін  мектеп директоры Г.К.Кулжанова осы 2019-2020 оқу жылында жаңадан құрылғы қойғызып оңтайлы шешті.

Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар.

Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.