Дұрыс тамақтану – үздік білім арқауы
Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды.
«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.
Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. Елбасының айқындап берген тапсырма, міндеттеріне сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуір күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды.
Қабылданған Заң талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Негізінде көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптары және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.
Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарҚазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 19- тармақшасына сәйкес,Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жалпы білім беретін мектептер білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады.
Тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында оқу жылының басында бірінші кезекте тегін тамақтанатын балалар санын анықтау қажет.
Тамыз айындажекелеген санаттағы оқушыларды анықтауҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы№198 бұйрығымен бекітіліп, 2018 жылғы «13» желтоқсандағы №684 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынегізінде жүргізіледі.
«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар мектепте бір рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
№38 мектеп-гимназия әкімшілігі білім алушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) консультациялық және түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жалпы білім беру ұйымдарында әлеуметтік көмек алуға құқығы бар білім алушылардың жекелеген санаттарына жататын оқушылар анықтайды.
Оның ішінде жиі кездесетін үш түрлі санат кіреді. Атап айтсақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, отбасында тәрбиеленетін жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде анықталған білім алушылар.
№38 мектеп-гимназиясында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 203 оқушы тамақтанса, ақпан айынан бастап 204 оқушы қамтылып отыр.
Күнделікті әр оқушыға 300 теңгеден жұмсалып отырады.
Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар тізімі жасалды.
Асхана тазалығы, тамақ сапасы күнделікті тексеріліп отырылады. Көрсетілген қызметті, жүргізілген жұмыстарды қабылдау туралы акт уақытылы жасалынады. Мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және апталық кезекшілік ұйымдастырылған. Мектепте әлеуметтік аз қамтылған, толық жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасындағы балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мониторингісі жасалған. Мектепте жалға беру есебінен 11 оқушы тамақтанады.
Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуатжұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз»деген. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады.
Салауатты тамақтану - халық денсаулығын, балалардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін, физикалық және ақыл –ойдың дұрыс дамуын , жұмысқа қабілеттілікті нығайтатын, алиментарлық аурулардың алдын алу, әлеуметтік – экономикалық дамуды , ұлттық қауіпсіздігін анықтайтын бірден-бір және басты факторлары болып табылады. Мектеп тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.
Мектепте ата-аналар мен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілген.
Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр: тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру, мектептің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары.
Дұрыс тамақтану арқылы мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту, білім беру мекемелерінде оқушылар үшін сапалы тамақ дайындауға жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету жұмысын ұдайы жүргізіп отыру қажет. Жас ұрпаққа тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелелеп, салауатты өмір салтын қалыптастыру.