Аудандық семинар » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Almaty region
Municipal public institution
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(72572) 2-02-58
bookkeeping:
+7(72572) 2-02-58
Version for
visually impaired
16
февраль
2022

Аудандық семинар

Семинар шеберлік – алаңы және дебат  түрінде өтті.  Қатысушылар авторлық бағдарлама құрастыру, рәсімдеу, бекіту және сараптамадын өткізу жолдарымен таныстырып өтті.  Келген аудан мектеп директорлары қатысушылармен пікір алмасып, мазалаған сұрақтарына жауап ала алды. 

Ж.Қ.Мухамадиева теориялық мәліметтер беріп, авторлық бағдарламаның рәсімделуі мен бекіту жолдарына аса мән берді. 

Мектеп директоры Г.К.Аскарбаева өзінің әдіс-тәсілдерін қалай сараптамадан өткізгенін, және тиімділігіне тоқталып, таныстырып өтті.  

Логопед Нэйля Оразовна сергіту сәті ретінде тыныс алу мүшесі арқылы дене жаттығуларын жасатып, көру, есту мүшелерінің қызметін арттырудың жолдарымен практика жүзінде көрсетті. 

Қазақ тілі пәні мұғалімдері Ә.Д.Әкімбердіқызы және жас маман А.Б. Бестенқұлов «Өлең-сөздің патшасы» тақырыбында оқушылардың ішкі уәжін анықтап,  ақындық өнерді қалай дамтыуға болады деген сұрақтың төңірегінде өз әдістерімен бөлісті. Бір мезетте өлең шығарып, ортаға салу  арқылы парктикалық жұмыс жүргізді.    

С.Ю.Иванова мен Л.Ю.Малыгина екінші сыныптарда орыс тілі пәні бойынша «Дидактикалық материалдар» тақырыбында жұмыстарын таныстырып, теория ғана емес, практикалық  жағына да тоқталып кетті. Өз жұмыстарын арнайы тақтаға іліп, дәптерлерін таратып берді. 

Ә.М.Әбдіманапова мен Адилханов О.К «Ауыл мектептерінде білім берудің SMART ортасын құру» тақырыбында өз жұмыстарына тек факт пен дәлелдер келтіріліп,  оқушыларға мамандық таңдауға көмекші құрал ретінде жасалған BASMAMAN сайтымен таныстыру жұмысы үргізілді. 

Семинар соңында Л.Б.Нарымова «Дебат өнері» тақырыбында кері байланысты дебат түрінде өткізді. Семинардан алған әсерлерін парламент және оппозицияға берілген тапсырмаларды талқылау  арқылы жеткізді.