Аудандық семинар » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Almaty region
Municipal public institution
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(72572) 2-02-58
bookkeeping:
+7(72572) 2-02-58
Version for
visually impaired
02
April
2021

Аудандық семинар



Almaty region, Ili district, Өтеген Батыр кенті, №38 мектеп-гимназия базасында  «Мектеп оқушыларын үйден оқыту мен инклюзивті оқытуды ұйымдастырудың заңнамалық құжаттарын тиімді жасау жолдары» тақырыбында 26.03.2021 жылы аудандық семинар өтті.


Семинардың мақсаты: Ерекше қажеттілігі бар үйден оқытылатын және инклюзивті білім алатын оқушыларға қолданылатын заңнамалық құжаттар мен әдіс-тәсілдерді тиімді ұйымдастыру.


Қатысушылар

  • Ili district бойынша білім бөлімі басшысының орынбасары Г.С.Максутова, 
  • Ili district бойынша білім бөлімінің әдіскерлік кабинетінің аға әдіскері С.Г.Сапакова, 
  • «Almaty regionның білім басқармасының мемлекеттік мекемесінің «Өтеген батыр ауылының №5 облыстық психологиялық –медициналық педагогикалық консультациясы» комуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі А.Г Еркебаева 
  • «Азамат әлеуеті» жеке қайырымдылық қорының президенті ТПҰҒПО-ның аға ғылыми қызметкері А.Д.Сейсенова,
  • Медициналық бақылау комиссиясының төрағасы Б.А.Сулейменова 
  • Ili districtның мектеп директорлары.

Семинар пресс-конференция, шеберлік – олаңы түрінде өтті. Келген аудан мектеп директорлары қатысушыларға сұрақтар қойып, оқуға ерекше қажет ететін оқушылармен жұмыс бойынша мәлімет алды. 

Семинарда нормативті-құқықтық құжаттармен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ө Өмірбекова, «Ерекше қажеттілігі бар оқушылар- мен тиімді жұмыс жасау жолдары» атты баяндамамен мектеп дефектологы Г.Д  Хабдолданова, өз тәжірибелерімен көркем еңбек пәнінің мұғалімі Б.Т Саякбаев, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі И.Р Козбагар мен  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.В Купфер бөлісті.  

Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар үйден оқытылатын оқушылармен мұғалімдердің жүргізген   жұмыстарылары мен оқушылардың өздері жасаған жұмыстарынан көрме  және  1 сабақ аясында түсірілген видеосабақтарынан бейнеролик көрсетілді.