Teachers жетістіктері » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Almaty region
Municipal public institution
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(72572) 2-02-58
bookkeeping:
+7(72572) 2-02-58
Version for
visually impaired
» » » Teachers жетістіктері
05
April
2017

Teachers жетістіктері

2016-2017 оқу жылында №38 мектеп – гимназиясында

өткен Республикалық семинар туралы

мәлімет

2017 жылдың 5 сәуірінде №38 МГ базасында әр түрлі пән мұғалімдері жаңартылған білім беру аясында оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қолдану жолдарын көрсету мақсатында «Білім мазмұнын жаңартуда оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында сабақты зерттеу» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: мұғалімдердің нәтижеге бағытталған озық педагогикалық тәжірибелерін тарату.

Семинар барысында №38 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Э.И. Сатаева «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында 9 ә сынып оқушыларымен «Тәрбиенің тал бесігі – отбасы» тақырыбында бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны туралы мәселені қозғады.

Семинардың кіріспе бөлігін мектеп директоры Р.Б. Шоманова ашты. Өз сөзінде семинардың тақырыбын, мақсатын айтып өтті.

Семинарға «Өрлеу» ББЖ КБАРИ аға оқытушысы – Тайтанова Салтанат Икласбековна, Іле аудандық білім бөлімі ӘК аға әдіскері – Сапақова Сақыпжамал Газизовна, АӘК әдіскерлері – Р.И. Байгозова, Г.А. Байтокова, курс тыңдаушылар – республика мектептерінен келген мектеп директорларының оқу ісі, әдістеме жөніндегі орынбасарлары, №38 мектеп – гимназия әкімшілігі, мұғалімдері қатысты.

Семинар соңында аудандық әдістемелік кабинеттің аға әдіскері С.Г. Сапакова сөз сөйледі. Өз сөзінде семинарды ұйымдастырушы – мектеп әкімшілігіне, үлгілі сабақтарымен бөліскен мұғалімдерге алғысын білдіріп, қазақ тілі пәні мұғалімі Э.И. Сатаеваның өткізген тәрбие сағатына ерекше көңіл бөлді. Сапалы білімнің негізі – саналы тәрбие беруден басталатынын, мектептегі бала тәрбиелеуде отбасының рөлін өте маңызды екенін тағы да атап өтті.

Келесі сөз кезегін «Өрлеу» ББЖ КБАРИ аға оқытушысы – Тайтанова Салтанат Икласбековна алды. Өз сөзінде бүгінгі өткізілген сабақтардың барлығы семинар тақырыбына сай өткізілгенін айтты. Курс тыңдаушыларының семинарға келу мақсатын, сабақ беріп отырған әріптестерімізден жаңартылған білім беру аясында оқу – тәрбие үрдісінде қолданып жүрген оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қалай қолдануға болатынын көргендерін, тәжірибе алмасу мақсатында келгендерін айтып өтті.

Семинар барысын талдау кезінде барлық қатысушылар бір ауыздан Сатаева Эльмира Исабековнаның көрсеткен тәрбие сағатына жағымды пікірлер қосты. Бұл шарада қоғамдағы болып жатқан қарттар үйі, жетімдер үйі, тастанды бала мәселелері көтерілді. Қатысушылар 9 ә сынып оқушыларының өз ойларын еркін жеткізе білетіндеріне, сөйлеу мәнерлеріне, сөз байлықтарына ризашылықтарын білдіріп, Аудандық білім бөліміне, мектеп әкімшілігіне, сабақ берген ұстаздарға алғысын айтты.

Семинар материалдары жүйеленіп, жинақталып «Өрлеу» ББЖ КБАРИ сайтына жіберілді.