Хабарландыру! » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72572) 2-02-58
Есепші бөлімі:
+7(72572) 2-02-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2024

Хабарландыру!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

2024-2025 оқу жылына бос орынға педагогтар мен педагогикалық ЖОО түлектеріне төмендегі мамандық бойынша байқау жарияланады.
Логопед - 1 жүктеме;(тұрақты);
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, (орыс сыныптарына, 16 сағат)- 1 (уақытша, декреттік демалысқа кеткен мұғалімнің орнына);
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, (орыс сыныптарына, 16 сағат)- 1 (тұрақты);
Математика пәні мұғалімі -(орыс сыныптарына, 16 сағат)- 1 (тұрақты);
Химия пәні мұғалімі - (орыс сыныптарына, 16 сағат)- 1 (тұрақты);
Физика лаборанты - 1 жүктеме;(тұрақты);
Кәсіптік оқыту шебері - 1 жүктеме;(тұрақты);
Тарих пәні мұғалімі -(орыс сыныптарына, 16 сағат)- 1 (тұрақты);
Әлеуметтік педагог - 1 жүктеме;(тұрақты);

Конкурсқа қатысатын үміткерлердің құжаттары 2024 жылдың қараша айының 04 мен - 11і аралығында қабылданады.
Мекен жайымыз: Индекс: 040700
Алматы облысы,Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі 16 д
эл.почта: alm_ili_shg38@mail.ru
тел: 8(727)522-02-58
мектептің сайты: http://38-ileaud.mektebi.kz/
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
           10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
      12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.