ХАБАРЛАНДЫРУ! » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72572) 2-02-58
Есепші бөлімі:
+7(72572) 2-02-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАБАРЛАНДЫРУ!
27
сентябрь
2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

№38 мектеп-гимназия 2023-2024 оқу жылына бос орынға педагогтар мен педагогикалық ЖОО түлектеріне төмендегі мамандық бойынша байқау жарияланады.
1. Тарих пәні мұғалімі (орыс сыныптарына, 16 сағат)-1 (тұрақты);
2. Математика пәні мұғалімі (орыс сыныптарына, 32 сағат) -2 (тұрақты);
3. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (орыс, қазақ ,(аралас) сыныптарына, 16 сағат)-1 (тұрақты);
4. Физика пәні мұғалімі (орыс сыныптарына, 16 сағат)- 1 (тұрақты);
5. Математика пәні мұғалімі (қазақ сыныптарына, 16 сағат) -1 (уақытша);
6. Бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныптарына, 16 сағат)- 1 (тұрақты)

Құжаттар 2023 жылдың қыркүйек айының 28 мен 06 қазан аралығында қабылданады.
Мекен жайымыз: Индекс: 040700
Алматы облысы,Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі 16 д
№38 мектеп-гимназия
эл.почта: alm_ili_shg38@mail.ru
тел: 8(727)522-02-58
мектептің сайты: http://38-ileaud.mektebi.kz/
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.