Мемлекеттік «мектепке жол» акциясы
Жетімді жылатпай, басынан сипап өсірген, қазақ халқымыз. Күйгелең дүниенің ауыртпалығын арқалап, тар жол тайғақ кешіп жүрген жандар арамызда аз емес. Осындай жағдайда әрдайым дүйім жұрт, қалың ел болып жығылғанды көтеруге жабыла атсалыссақ керек. Осы орайда жыл сайын тамыз айы мен қыркүйек айы аралығында мектептерімізде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға мемлекет бойынша көмек көрсетілетін «Мектепке жол» атты науқан өтеді.