25
сентябрь
2020
Мемлекеттік «мектепке жол» акциясы
Жетімді жылатпай, басынан сипап өсірген, қазақ халқымыз. Күйгелең дүниенің ауыртпалығын арқалап, тар жол тайғақ кешіп жүрген жандар арамызда аз емес. Осындай жағдайда әрдайым дүйім жұрт, қалың ел болып жығылғанды көтеруге жабыла атсалыссақ керек. Осы орайда жыл сайын тамыз айы мен қыркүйек айы аралығында мектептерімізде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға мемлекет бойынша көмек көрсетілетін «Мектепке жол» атты науқан өтеді. Науқанға №38 мектеп-гимназиясы да белсене қатысты.
Бірінші кезекте, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 оқушыға қаражат, мектеп сөмкесі, мектеп кеңсе құралдары түрінде, екінші кезекте аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасыдан шыққан 1-11 сынып аралығындағы 281оқушыға 562000тг көлемінде кеңсе құралдары:дәптер,қалам, қарындаштар,ұштағыш, өшіргіш, түрлі-түсті қарындаштар секілді кеңсе құралдары ретінде көмек көрсетілді.
Көмек көрсеткен демеушілер қатарында: Іле ауданы әкімінің орынбасары А.М Жөргенбаев, «НұрОтан» партиясы, «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешіті, «Карандаш» кеңсе тауарлары дүкені, «Ана тілі» дүкені, «Народный» дүкені, «Alramin» компания директоры Г.Р Бекенбаева, №38 мектеп-гимназиясының ұжымы: Р.Б Усимбаев, М.М Абдушева, А.Ө Өмірбекова, Г.К Асанова, А.К Туралыкова, Ғ.М Есенгулова және мектеп ұжымы.
Акция аясында көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созған демеушілерге №38 мектеп-гимназиясы әкімшілігі алғыс білдіреді.
Орындаған: әлеуметтік педагог Ә.Б Барашева