Мұғалімдер жетістіктері » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72572) 2-02-58
Есепші бөлімі:
+7(72572) 2-02-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдер жетістіктері
22
февраль
2017

Мұғалімдер жетістіктері

2016-2017 оқу жылында №38 мектеп – гимназиясында

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен облыстық семинар туралы

мәлімет

2017 жылдың 22 ақпанында №38 МГ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибелерін тарату мақсатында «Жаңартылған білім беру аясында қазақ тілі сабақтарында оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлға қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты:

·оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту;

·оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету;

·қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің

тәжірибесін тарату.

Семинар барысында №38 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өздерінің педагогикалық тәжірибелерін ортаға салды (Кауменова Меруерт Токтарбековна, Кусепова Рахат Бекболовна, Кунболатова Гулим Майконовна, Әкімберді Динара Әкімбердіқызы, Мшанова Сауле Батырхановна, Нұрмағамбетова Мария Кайыркожаевна)

Семинардың кіріспе бөлігін мектеп директорының әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Рахимжанова А.К. ашты. Өз сөзінде семинардың тақырыбы, мақсаты туралы, сабақ беретін мұғалімдердің әрқайсысына жеке тоқталып, еңбек өтілі, санаты туралы мәлімет беріп өтті.

Семинарға «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту» кафедрасының аға әдіскері Қылышбекова Н.У. жетекшілігімен келген 29 курс тыңдаушылары, Аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері – Р.И. Байгозова, №38 мектеп – гимназиясының 23 мұғалімі қатысты.

Тәжірибелерімен бөліскен барлық мұғалімдердің сабақтары мен коучинг жұмысы қатысушылардың жағымды пікіріне ие болды.

Семинар соңында аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Р.И. Байгозова сөз сөйледі. Өз сөзінде семинарды ұйымдастырушы – мектеп әкімшілігіне, үлгілі сабақтарымен бөліскен мұғалімдерге алғысын білдіріп, 1 – сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша өткен сабаққа тоқталды. Қазақ тілі пәні мұғалімі М.Т. Кауменованың оқушылармен қарым – қатынасын, сабақтағы оқушылардың, мұғалімнің жағымды әрекеттеріне тоқталып өтті.

Келесі сөз кезегін «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, аға оқытушысы – Қылышбекова Нұрсәуле Уханбаевна алды. Өз сөзінде бүгінгі өткізілген сабақтардың барлығы семинар тақырыбына сай өткізілгенін айтты. Курс тыңдаушыларының семинарға келу мақсатын, сабақ беріп отырған әріптестерімізден жаңартылған білім беру аясында қазақ тілі сабақтарында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін орыс сыныптарында қалай қолдануға болатынын көргендерін, үйрену үшін келгендерін айтып өтті. Бүгін үлгілі сабақтар болғанын атап өтіп, мектеп әкімшілігіне, сабақ берген ұстаздарға алғысын білдірді. Семинарға келген мұғалімдер қатысқан сабақтарына өз пікірлерін білдірді.