Мұғалімдер жетістіктері » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72572) 2-02-58
Есепші бөлімі:
+7(72572) 2-02-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдер жетістіктері
16
май
2017

Мұғалімдер жетістіктері

2016-2017 оқу жылы №38 мектеп – гимназиясы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткен шебер – сынып жұмысына қатысу туралы

мәлімет

 

2017 жылдың 15 мамырында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» «Көп тілді білім беру жағдайында сабақтың интерактивтілігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету тәсілдері» деген тақырыпта облыстық әдістемелік шебер сынып өткізілді. Шебер сыныпты ұйымдастырушы – аға оқытушы, филология ғылымдарының магистрі Қылышбекова Нұрсәуле Ұханбайқызы. Шебер – сынып жұмысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы Әуелғазина Толқын Құдайбергенқызы қатысты.

Әдістемелік шебер сыныптың мақсаты – көптілді білім беруде озық тәжірибелерді оқу-тәрбие үдерісінде насихаттай отырып, оқытушылар арасында тәжірибе бөлісу.

Осы шебер сыныпқа №38 мектеп-гимназиясының мұғалімдері – Закиржанова Саракуль Тастанбекқызы «Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қара сөз» тақырыбын оқытудың тиімді жолдары деген тақырыпта, Мшанова Сауле Батырхановна және Тайманова Гульнар Сагындыковна «Диалогті оқыту» тақырыбында коучинг көрсетіп, Хамитова Қарлығаш Талғатовна «Көлік түрлері» деген тақырыпта сабақ көрсетіп, интерактивті әдістерімен бөлісті. Осы шебер сыныптың қорытындысы бойынша төмендегідей нәтижеге жеттік.

·қазақ тілін деңгейлік оқыту бойынша мәлімет алдық;

·ұлт мектептеріндегі қазақ тілі сабағының инклюзивтілігін қамтамасыз ету тәсілдерін үйрендік;

·қазақ тілін оқытуда деңгейлік тапсырмаларды құрастырып, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгердік;

·мультимедиялық құралдардың көмегімен тілдік дағдыларды (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім) дамыту әдістемесін жетілдіріп, шағын сабақты қорғауда қолдандық.

Шебер сынып соңында институт директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы Әуелғазина Толқын Құдайбергенқызы шебер сыныпқа қатысқан мұғалімдерді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» мақтау қағаздарымен марапаттады.

Похожие публикации: