Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға байқау өткізу туралы хабарландыру » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Almaty region
Municipal public institution
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(72572) 2-02-58
bookkeeping:
+7(72572) 2-02-58
Version for
visually impaired
» » » Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға байқау өткізу туралы хабарландыру
13
December
2022

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға байқау өткізу туралы хабарландыру

2022-2023 оқу жылына бос орынға педагогтар мен педагогикалық ЖОО түлектеріне төмендегі мамандық бойынша байқау жарияланады.

1.Технология пәні мұғалімі (орыс сыныптарына) -1 (уақытша)
2. Тарих пәні мұғалімі (орыс сыныптарына) -1 (тұрақты)
3. Математика пәні мұғалімі (орыс сыныптарына) -1 (уақытша)
4. География пәні мұғалімі (орыс сыныптарына) -1 (уақытша)
6. Ағылшын тілі пәні мұғалімі (орыс сыныптарына) -1 (уақытша)
7. Бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныптарына) -1 (тұрақты)
8. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1 (1 жүктеме, тұрақты);


Құжаттар байқауға 2022 жылдың 13-20 желтоқсан аралығында қабылданады.
Конкурстың өту күні: 21.12.2022 ж.- 26.12.2022ж
Конкурс нәтижесі: 27.12.2022 жылы білім беру ұйымының ресми сайтында жарияланады.
Our address: Индекс: 040700
Almaty region,Ili district, Өтеген батыр ауылы, Титов the outside 16 д
№38 мектеп-гимназия
эл.почта: alm_ili_shg38@mail.ru
тел: 8(727)522-02-58
мектептің сайты: http://38-ileaud.mektebi.kz/
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – UNT) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11)Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.