Конкурс жариялаймыз!!!! » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Almaty region
Municipal public institution
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(72572) 2-02-58
bookkeeping:
+7(72572) 2-02-58
Version for
visually impaired
» » Конкурс жариялаймыз!!!!
16
August
2022

Конкурс жариялаймыз!!!!

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға байқау өткізу туралы хабарландыру


ХАБАРЛАНДЫРУ


Almaty region, Ili district, Өтеген батыр ауылы, Титов 16Д the outsideнде орналасқан № 38 мектеп-гимназиясы, 8 (72752) 2 - 02 - 58, alm_ili_shg38@mail.ru.

Байқауға  төмендегі    көрсетілген  тізім  бойынша    әкімшілік   және  пәні мұғалімдері  қатыса  алады.

  1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - 1 (1 жүктеме);
  2. Директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары - 1(1 жүктеме);
  3. Психолог – 2 (оқыту тілі:  1 жүктеме қазақша, 1 жүктеме орысша);
  4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 2  (  қазақ тілінде оқытпайтын  сыныпқа – 2, 32 сағат);
  5. География пәні мұғалімі – 1 (қазақ тілінде оқытпайтын   сыныпқа – 1, 16 сағат, уақытша);
  6. Математика пәні мұғалімі – 3 (қазақ тілінде оқытпайтын   сыныпқа – 1, 16 сағат, уақытша),   (қазақ тілінде оқытатын сыныпқа -2, 32 сағат);
  7. Тарих пәні мұғалімі: (қазақ тілінде оқытпайтын сыныпқа – 1, 16 сағат); 
  8. Ағылшын тілі пәні мұғалімі: (қазақ тілінде оқытпайтын сыныпқа – 2,  32 сағат, уақытша)
  9. Көркем еңбек пәні мұғалімі: (қазақ тілінде оқытпайтын сыныпқа –1,    16 сағат);
  10. Мектепалды даярлық  сынып мұғалімі: (қазақ тілінде оқытпайтын сыныпқа – 1, 16 сағат);
  11. Информатика пәні мұғалімі: (қазақ тілінде оқытпайтын сыныпқа –  2,  32 сағат, уақытша);
  12. Бастауыш сынып мұғалімі (қазақ тілінде оқытпайтын сыныпқа –  3,  48 сағат, тұрақты);
  13. Орыс  тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (қазақ тілінде оқытпайтын сыныпқа – 2,  32 сағат);


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:


      1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;


      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);


3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);


      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;


      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);


      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде    № 21579 болып тіркелген).


      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;


      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;


      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – UNT) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).


      10)  педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған   Бағалау парағы.


Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.


Конкурстың өту күні: 24.08.2022 ж.- 29.08.2022ж

Өтетін орны: Almaty region, Ili district, Өтеген батыр ауылы, Титов 16Д the outsideнде орналасқан,                      № 38 мектеп-гимназиясы.

Құжаттарды қабылау уақыты: 16.08.2022 - 23.08.2022жж;

Конкурс нәтижесі:  31.08.2022 жылы білім беру ұйымының ресми сайтында жарияланады.