ХАБАРЛАНДЫРУ!!! » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72572) 2-02-58
Есепші бөлімі:
+7(72572) 2-02-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

2022-2023 оқу жылына бос орынға  педагогтар    мен педагогикалық                  ЖОО түлектеріне төмендегі мамандық бойынша байқау жарияланады. 

1.Бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныптарына) -1 (тұрақты)
2.Бастауыш сынып мұғалімі (қазақ сыныптарына) -1 (тұрақты)
Құжаттар байқауға 2023 жылдың 26 қаңтар 2023 жылдың 03 ақпан аралығында қабылданады.
Конкурстың өту күні: 03.02.2023 ж.- 08.02.2023ж
Конкурс нәтижесі: 09.02.2023 жылы білім беру ұйымының ресми сайтында жарияланады.
Мекен жайымыз: Индекс: 040700
Алматы облысы,Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі 16 д
№38 мектеп-гимназия
эл.почта: alm_ili_shg38@mail.ru
тел: 8(727)522-02-58
мектептің сайты: http://38-ileaud.mektebi.kz/
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.