27
август
2022
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға байқау өткізу туралы хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титов 16Д көшесінде орналасқан № 38 мектеп-гимназиясы, 8 (72752) 2 - 02 - 58, alm_ili_shg38@mail.ru.
Байқауға төмендегі көрсетілген тізім бойынша әкімшілік және пәні мұғалімдері қатыса алады.
1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1(1 жүктеме);
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурстың өту күні: 07.09.2022 ж.- 12.09.2022ж
Өтетін орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титов 16Д көшесінде орналасқан, № 38 мектеп-гимназиясы.
Құжаттарды қабылау уақыты: 27.08.2022 - 06.09.2022 жж;
Конкурс нәтижесі: 12.09.2022 жылы білім беру ұйымының ресми сайтында жарияланады.[/center][i][/i]