Бірінші сыныпқа беру үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды. » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72572) 2-02-58
Есепші бөлімі:
+7(72572) 2-02-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші сыныпқа беру үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды.
01
февраль
2024

Бірінші сыныпқа беру үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды.

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.

🧑‍🏫 Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау күнтізбелік ағымдағы жылдың сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өтеді.

🔁 Тек демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға шектеу алынды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.

📆 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі тамыздың 25-і аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-нен тамыздың 31-не өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11 сыныптарында оқуын кедергісіз жалғастыра алады.