Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі
Жыл басында оқушыларды жекелеген санатта-рына қарай бөлініп аз қамтамасыз етілген, жартылай жетім және көп балалы отбасылардың тізімі жасалынды. 2019-2020 оқу жылына жекелеген санаттары бойынша тегін және жеңілдетілген тамақтандырумен білім алушылар мен тәрбиеленушілерден аз қамтылған мемлекеттік атаулы әлеуметтік жағдайы төмен 77 бала , 2 тұл жетім, 17 толық емес отбасы, бір асырап алынған және 132 көп балалы бала қамтамасыз етілді, 11 оқушы арендатор есебінен тамақтанады.
Мектепте мектеп асханасы жұмыс жасайды. Асхана арендаторы С.Т.Базарбаев. Мектеп әкімшілігі тарапынан асхана жұмысын тексеру комиссиясы құрылған. Асханада ас мәзірі мен оқушылардың тамақтану кестесі, сынып жетекшілердің кезекшілік кестесі бар. Оқушыларды тамақтандыру 2 ауысымда жүзеге асырылады. I ауысымда 3 сабақтан соң . II ауысымда 2 сабақтан соң.
Психолог тарапынан оқушылар арасында асханадағы сапалы тағамдар туралы сауалнамалар алынып тұрады.
Медбике тарапынан оқушылар арасында «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» деген тақырыпта әңгіме, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Оқу жылының басында мектепте ата-ана есебінен және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы мектеп директорының бұйрығы шығарылған. Осы бұйрық негізінде тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссия құрылды. Комиссия құрамына 7 адам кіреді. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып, оқушыларға берілетін тамақтың сапасы тексеріліп тұрады.
Комиссия мүшелері тоқсан бойы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізіп қадағалап отырды.
Заң бойынша тегін ыстық тамақпен мұқтаж отбасылар қамтылады.
Оларға:
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы балаларына;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алMayтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасы балаларына ;
- Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, қорғаншы отбасыларда тұратын балаларға;
- Төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шегіп, қиын жағдайда қалып, шұғыл көмек қажет отбасы балаларына;
- Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге санаттарына жататындығын растайтын құжаттары дайын болса, бюджет есебінен тегін тамақтана алады.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан тегін тамақпен қамту 2020 жылдан бастап электронды түрде жүргізілетіндігі туралы хабар ланды. Енді ата-аналар балаларының құжаттарын тегін ыстық тамаққа электронды түрде тіркейді. Ол үшін әр ата-ананың өзінің электронды кілті болуы қажет. Тегін тамақ тізіміне ену үшін жоғарыда аталған санаттарға жататындығы туралы анықтама, ата-ана өтініші және отбасына кіретін табыстар туралы анықтама құжаттары қажет.
Жасөспірімдердің денсаулығының мықты болуы кез келген қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны баршаға аян. Сол себепті мектеп оқушыларының тамақтану мәселесіне айрықша мән беріп,оның дұрыс жолға қойылуын қадағалауда ұстауымыз керек.
№38 мектеп-гимназиясы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Асанова Г.С.