Кітап - білім бұлағы » №38 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ
Almaty region
Municipal public institution
"№38 мектеп-гимназия"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(72572) 2-02-58
bookkeeping:
+7(72572) 2-02-58
Version for
visually impaired
» » » Кітап - білім бұлағы
13
January
2021

Кітап - білім бұлағы

«Өзінің биік, таза рухани қасиетімен кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады.

Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді. Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпиялары сақталған. 
Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап біздің алға жылжуымызда, катаклизмдерден арылуымызда, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосады. 
Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танып білуге үйретеді» деген сөзі бар.
Ал ұлы ойшыл Конфуций болса: «Ойланбай оқу – бекер еңбек, оқыMay ойлау – қауіпті» дейді. Римдік философ Сенека: «Қорғанды оқудан ізде, сонда сен өмірдің барлық қайғы-қасіретінен құтыласың» дегенді айтады.
Толстой айтады: «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей». Мұны неге айтып отырмыз? Жалпы, кітап – құндылық. Ол адамды көбірек ойға жетелейді. Албырт сезімімізді тежеуге, ішкі ойлау күшімізді арттыруға себеп болады. Кітап – дос, жұбатушы әрі басшылық қабілетті арттыратын құрал.
Белгілі ақын Аманхан Әлім бірде: «Кітап та адамды тәрбиелейді. Бірақ ол көпжылдық жеміс сияқты. Жемісін бірден бермейді. Алдымен жан-жүрегіңе әсер етіп, сана-сезіміңе ықпал етеді де, бірте-бірте ойыңа да, бойыңа да сіңіп, ақыры уақыт өте жемісін береді. Білімді әрі білікті азамат ретінде эволюциялық жолмен қалыптастырады» дегені бар. 
Кітап оқитын, одан білім нәрін алатын, өзін өзі тәрбиелейтін жастарымыз көп болсын!